Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

271 млн теңге субсидияны жымқырған ветеринарлар ұсталды

Құқық
271 млн теңге субсидияны жымқырған ветеринарлар ұсталды
Еnvato

Түркістан облысының прокуратурасы субсидия қаржысын жымқыру фактісін сотқа жолдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Тергеу барысында анықталғаны, аудандық ветеринария қызметінің 4 маманы ауыл тұрғынымен сөз байласып, шаруа қожалықтарының аттарына іс жүзінде болмаған 100 мың бас шамасындағы ұсақ малды ақпараттық жүйеде заңсыз тіркеп, 271 млн теңге субсидия жымқырып, өзара бөліскен.

- Түркістан қаласының сотымен алаяқтық жолмен, жоқ малдарға жалған құжаттар әзірлеп, субсидия қаражатын жымқырған 5 тұлға кінәлі деп танылып, 4 күдікті 5,2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, бір адамға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, соңынан рақымшылық актісін қолданып сот істі тоқтатты. Мемлекеттің пайдасына 50 млн теңге өндірілді, сонымен бірге 120 млн теңгеге мүлікке тыйым салынды, - делінген облыс прокуратурасының ресми хабарламасында.
Прокуратура мәлімдегендей, мемлекеттен бөлінген субсидия қаражатын жымқырғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген және ол әрекеттер үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу