freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

8 жылдағы рекорд: Қытайдан Қазақстанға көшіп келушілер көбейді

Қоғам
8 жылдағы рекорд: Қытайдан Қазақстанға көшіп келушілер көбейді
chinalogist.ru

 2025 жылы Қытайдан Қазақстанға тұрақты тұруға 2,6 мың адам келді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 29%-ға артық және соңғы сегіз жылдағы рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды  Malim.kz «Бірінші кредиттік бюро»-ға сілтеме жасап. 

«2025 жылы ҚР-ға ҚХР-дан тұрақты тұру мақсатында 2,6 мың адам келді. Бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 29%-ға көп, сондай-ақ соңғы сегіз жылдағы ең жоғары көрсеткіш, бұған ҚР СЖРА ұлттық статистика бюросының деректері дәлел», - делінген сейсенбі күнгі хабарламада.

БКБ атап өткендей, Қытай азаматтарының Қазақстанға тұрақты тұруға келуі екінші жыл қатарынан жоғары деңгейде қалып отыр. Көрсеткіштің өсуі 2021 жылғы көпжылдық минимумнан (249 адам) кейін байқалуда. Бұған дейін де келушілер саны құбылмалы болған: бұрынғы 3 мың адамдық рекорд айтарлықтай төмендеуден кейінгі күрт өсмдерден соң тіркелген болатын.

«Бірақ қазіргі белсенділікті өте жоғары деп айтуға бола ма? Соңғы 26 жылдағы бақылау тарихы бұлай деуге негіз бермейді: 2005-2010 жылдардағы көрсеткіштер қазіргі деңгейден 50%-дан астамға жоғары. Ал ең үлкен айырмашылық 2008 жылғы ең жоғарғы мәнмен (2,4 есе) байқалады — ол кезде 6,3 мың ҚХР азаматы тұрақты тұру үшін Қазақстанды таңдаған», - деп толықтырды бюро.

Статистика бойынша, 2025 жылы Қазақстанға келген қытайлық иммигранттардың барлығы дерлік (жалпы санның 99%-ы) этникалық қазақтар. Олардың 70%-ы Алматы қаласына және көршілес Алматы мен Жетісу облыстарына қоныстанса, тағы төрттен бірі Астананы таңдаған.

«Осыған сүйене отырып, қытайлық иммигранттардың көбі қандас мәртебесін рәсімдемеуді жөн көреді деп болжауға болады. Өйткені мұндай мәртебе этникалық қазақтарды ҚР-ның қатаң белгіленген сегіз облысына: төрт солтүстік, екі шығыс және екі батыс өңірге қоныстануға міндеттейді», - деп атап өтті БКБ.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тұрақты тұруға 23,8 мың адам келді. Қытайдан бөлек, негізгі ағынды Өзбекстан (11,8 мың адам) және Ресей (4,7 мың адам) қамтамасыз етті. Бұл ретте өзбекстандық иммигранттар саны 2024 жылмен салыстырғанда сәл азайғанымен, жоғары деңгейде қалды, ал ресейлік иммигранттар саны жылына 41%-ға қысқарып, 2021 жылдан бергі ең төменгі деңгейге түсті. Көші-қонның оң сальдосы Қытай мен Өзбекстанмен, теріс сальдосы Ресеймен тіркелді.

«Қазақстанға иммиграцияланғандар статистикасына тұрғылықты жері бойынша тіркелу кезінде тұрақты тұратын елінің өзгергені анықталған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар кіреді. Тиісті мәліметтерді ұлттық статистика бюросы ІІМ-нің «Халықты құжаттандыру және тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінен алады», - деп нақтылады бюро.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу