freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

8 жылға сотталған экс-ректор сауда орталықтарының бірінде жүр: ҚАЖК жауап берді

Құқық
8 жылға сотталған экс-ректор сауда орталықтарының бірінде жүр: ҚАЖК жауап берді
facebook.com/d.shynybekov

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков 1,7 млрд теңге жымқырғаны үшін 8 жылға сотталған еді. Алайда жақында ол Алматыдағы сауда орталықтарының бірінен көрінген. Бұл жөнінде Tengrinews.kz сайтына сілтеп Malim.kz хабарлайды. 

Оқырмандар сайт редакциясына хабарласып, сотталған экс-ректордың бостандықта жүргенін айтқан. Олардың сөзінше, Шыныбеков Алматыдағы ойын-сауық сауда орталықтарының бірінде лифтте көзге түскен.

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) редакцияның ресми сауалына жауап беріп, Дамир Шыныбековтің бостандыққа шыққанын растады.

Бұған түпкілікті мерзімге амнистия мен қамауда отырған уақытты қайта есептеу әсер еткен.

"Бұл тұлғаға заңда белгіленген тәртіппен амнистия қолданылып, соның нәтижесінде жаза мерзімі қысқартылды. Қайта есептелген мерзімді ескере отырып, сотталған адам сот тағайындаған жазаны толық өтеп, заңды негізде босатылды", – деді ҚАЖК өкілдері.

Ведомство мерзімдерді қайта есептеу туралы шешімдерді тек сот қабылдайтынын және оның орындалуы міндетті екенін атап өтті. Ал Шыныбековтің ісіне қатысты өзге мәліметтерді заң нормасына сүйеніп жарияламады.

Айта кетейік, 2020 жылғы қазанда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінен 1,7 млрд теңге жымқыру ісі бойынша сот процесі аяқталған.

Айыпталушылар қатарында бұрынғы ректор Дамир Шыныбеков пен бұрынғы бас бухгалтер Жанайым Спабекова болған.

Сот олардың 2013–2018 жылдары заңды тұлғалармен жалған келісімшарттар рәсімдеп, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру арқылы 1,7 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырғанын анықтады.

Анықтама: Айыпталушылар алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып, қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде мүлікті иемдену және ысырап ету бойынша кінәлі деп танылды. Спабековаға бұған қоса қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру (жылыстату) бабы да тағылды. Сот екеуін де 8 жылға соттаған.

Іс материалдарына сәйкес, Білім және ғылым министрлігі (қазіргі Ғылым және жоғары білім министрлігі) 2013–2018 жылдары университетке 10 млрд теңгеден аса қаражат аударған. Прокурор нұсқасы бойынша, Шыныбеков пен Спабекова жыл сайын студенттер санын жасанды түрде көбейтіп көрсетіп, осы қаржының ішінен 1 млрд 727 млн теңгені жымқырған. Жымқырылған қаражат пәтерлер мен қымбат көліктерге жұмсалғаны айтылған.

Дамир Шыныбеков университет ректоры қызметін 2009 жылдан бастап, 2019 жылғы мамырда ұсталғанға дейін атқарған. 2017 жылы ол Алматы мәслихатының депутаты болып сайланған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу