Әлеуметтік желілерде ақын Мұхтар Шахановтың бұрынғы сұхбаты қайта таралып, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Malim.kz.
2024 жылы "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында ақын көпке беймәлім өмірлік деректерін бөліскен. Оның айтуынша, жастық шағында тұрмыс тауқыметін аз көрмеген.
"Бадам деген ауылда біреудің малханасында тұрдық. Ол кезде өзіміздің жеке үйіміз болмады. Сол кезде мен көршілерден тиын сұрап, Шымкентке тарттым. Ақша жоқ, Шымкентке жаяу бардым. Базарды кесіп өте бергенімде, сол жерде беті шодыр-шодыр бір кісі қолыңды ұстап, тағдырыңды айтады екен. Соған мен де қолымды ұстаттым. Сонда маған айтты: "Балам, сен бүкіл жер шары білетін адам боласың. Бүкіл жер шарында сендей абыройы биігіне, даңқ биігіне көтерілген адам болмайды. Сен өзің 93-ке келіп, өмірден кетесің", – деді. Соның айтқанының бәрі келді ғой. Дүние жүзінде мен бармаған мемлекет жоқ. Барлық мемлекетте болдым. Маған енді 93-те кетуге 11 жыл уақыт қалыпты. Соны күтіп жүрмін", – деді Мұхтар Шаханов.