Президент Жазушылар одағының 90 жылдығымен құттықтады

Одақтың мерейтойы – жазушылар үшін ғана емес, барша көзі қарақты қауым үшін тарихи мәні зор оқиға

Сабина Асқарқызы

  • 13.12.2024

13 желтоқсанда Алматы қаласында қазақ қаламгерлерінің қара шаңырағы Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдығына арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Одақтың мерейтойы – жазушылар үшін ғана емес, барша көзі қарақты қауым үшін тарихи мәні зор оқиға.
Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Еуразия Жазушылар одағының президенті Уфук Тузман қатысты.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Одақтың 90 жылдығына орай жолдаған құттықтау хатын оқып берді.

Мемлекет басшысының хатында «Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі. Бұл ұйым қаламгерлеріміздің кәсіби қауымдастығы ретінде төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді өркендетуге және оны әлемге танытуға зор ықпал етеді. Сөз өнерінің қарашаңырағын ұлттық бірегейлігіміздің берік тұғыры деуге болады.
Қазір біз ұлттың жаңа сапасын қалыптастырып жатырмыз. Озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу ісінде зиялы қауым айрықша рөл атқаруы керек. Осы жауапкершілікті терең сезініп, адамгершілік құндылықтарды кеңінен дәріптеп жүрген барша қаламгерлерге шынайы ризашылығымды білдіремін» делінген.
Салтанатты жиынға арнайы келген Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Арслан Қойшиев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың құттықтауын жеткізді.

Ұлттық әдебиетті қолдау мәселесі ұдайы Мемлекет басшысының басты назарында.
2023 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен  «Қазақстанның Халық жазушысы» атағы қайтарылды.

Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдығына орай жолдаған құттықтау хатында Қасым-Жомарт Кемелұлы «Әдебиет – ойымыздың тереңдігі мен рухымыздың асқақтығын айғақтайтын ұлы қазына. Оны заман талабына сай дамыту – қаламгер қауымның ғана емес, мемлекетіміздің алдында тұрған маңызды міндеттің бірі» деп атап өтті.
Мемлекет басшысы өзінің қаламгерлерге жолдаған құттықтау хатында ақын-жазушылардың ұлтты ұйыстыру жолында қалтқысыз қызмет етіп жүргенін атап көрсеткен. «Аға буын негізін қалаған осы ұлағатты дәстүр үздіксіз жалғасып келеді» делінген хатта.

Ғасырға жуық тарихы бар Қазақстан Жазушылар одағы – ұлтымыздың рухани кемелденуіне зор үлес қосқан, сан ғасырлық мәдени мұрамызды жаңғыртып, өлең мен жырдың киелі бесігін тербеп келе жатқан шығармашылық орталық.
Қазіргі таңда Жазушылар одағы –  1015 мүшесі бар еліміздегі ең ірі шығармашылық бірлестіктердің бірі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін «Жазушылар одағы – ұлттық интеллигенцияның басын қосып отырған қара шаңырақ» деп осынау тарихы терең ұйымға жоғары баға берген.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады

02.04.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

30.03.2025

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

28.03.2025

Тоқаев​​​​​​​ Еуропалық комиссияның вице-президентімен кездесті

28.03.2025

Президенттікке 6 жыл: Тоқаевтың саяси бастамалары мен реформаларынан не күтеміз

20.03.2025

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсетеді

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

Тоқаев​​​​​​​ Еуропалық комиссияның вице-президентімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев​​​​​​​ Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен кездесті

Президенттікке 6 жыл: Тоқаевтың саяси бастамалары мен реформаларынан не күтеміз

Мемлекет басшысының осы жылдар ішінде елімізді оң өзгерістерге бастайтын: атқарушы билікке берілген тапсырмалары, бастамалары, ұсыныстары көптің көкейінен шығып жатқаны анық

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты