Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әкім Бағдат Қарасаевтың не себепті ұсталғаны белгілі болды

Құқық
Әкім Бағдат Қарасаевтың не себепті ұсталғаны белгілі болды

Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевтың ұсталуының себептері мәлім болды. Бұл  туралы Алматы облысының прокуратурасы хабарлады.


Қадағалау органы мәліметінше, Іле ауданындағы қоқыс полигонының қызметін бірлесе тексеру нәтижесінде әкім сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен қамауға алынды. 

"Алматы облысының прокуратурасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Іле ауданында орналасқан қоқыс полигонының қызметін бірлесіп тексеруді аяқтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 2024 жылғы 3 қыркүйекте әкім Қарасаев сыбайлас жемқорлық қызметіне күдік бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-131-баптары тәртібінде ұсталды. Оған кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, мемлекеттік мүддеге нұқсан келтіретін қызметтік өкілеттерді асыра пайдалану және билікті асыру бойынша айып тағылды", - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.

Биыл 4 қыркүйекте прокуратура қылмыстық істің материалдарын қарау және бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберді.

Айта кетейік,60 жастағы Бағдат Қарасаев 2018 жылдың наурыз айынан бері Алматы облысы Іле ауданының әкімі болды.

Фото: instagram.com/bagdat.karasaev  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу