Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алакөлде катердің винтіне түскен әйел екі аяғынан айырылды

Қоғам •
Алакөлде катердің винтіне түскен әйел екі аяғынан айырылды
Фото: әлеуметтік желі

Қайғылы оқиға Алакөл көлінің Көктұма ауылы маңындағы демалыс аймағында болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жағалау маңында жүрген әйел кері қозғалған катердің винтіне түсіп кеткен.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шегуші көп қан жоғалтып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Шұғыл жасалған операция кезінде оның екі аяғын ампутациялауға тура келген.

Қазір әйел жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу