Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алапат өрт сөнбей жатыр

Оқиға
Алапат өрт сөнбей жатыр

Құтқарушылар Қарағанды мен Павлодар облыстарының шекарасындағы өртті әлі сөндіре алмай жатыр.

Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, өрт сөндіру жұмыстарына 600-ден астам адам тартылған, 110 техника және төрт әуе кемесі қолданылуда.

- Қатты екпінді жел, таулы аймақта орналасуы және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өрт сөндіру жұмыстарын қиындатып тұр, - деп түсіндірді ТЖМ баспасөз қызметі.

Өртті сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізіліп жатыр. Әуе кемелері өрт ошақтарына жалпы көлемі 22 тонна су төкті.

Қарағанды облысының Теректі ауылында және Павлодар облысының Желтау қыстағында өрт орны далалық өрт сөндіру штабтары орналастырылды. Жалпы 12 жауынгерлік учаске анықталды. Облыстық ТЖД және ТЖМ Командалық орталығында жедел штабтар жұмыс істейді.

Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін жедел желі іске қосылды: 8 721 2 51 72 23 (Қарағанды облысының ТЖД), 8 718 2 20 11 12(Павлодар облысының ТЖД).

Фото: ТЖМ бейнежазбасынан скрин

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу