freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алдағы күндері қау жауып, үсік жүреді

Қоғам
Алдағы күндері қау жауып, үсік жүреді
pixabay.com

"Қазгидромет" синоптиктері 25, 26 және 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, ауа райы тұрақсыз болады.

"Өңірлердің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте жаңбыр мен дымқыл қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін", - деп мәлімдеді метеорологтар.

Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі деп болжанған. 

26 сәуірде батыс пен солтүстік-батыста, 27 сәуірде елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі уақытта 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Күндіз температураның төмендеуі күтіледі: 

солтүстікте +10...+15 градусқа дейін,

орталықта +10...+18 градусқа дейін,

шығыста +7...+20 градусқа дейін,

оңтүстікте +15...+25 градусқа дейін.

Бұл ретте Қазақстанның батысында ауа температурасы біртіндеп +7...+15 градустан +15...+20 градусқа дейін көтеріледі. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу