Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

Қоғам
Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

«Қазгидромет» синоптиктері 13-15 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың айтуынша алдағы күндері күн қатты ысиды. 

Иран аймақтарындағы жылы ауа массасының жойылуы Қазақстанның оңтүстік және орталық аймақтарында жауын-шашынсыз ыстық ауа райын тудырады. Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі, ал 15 мамырда термометр күндіз оңтүстік облыстарда 35-44°С, орталық аудандарда 35-38°С, тіпті Ақмола облысында 30-35°С ыстықты көрсетеді, - деп хабарлайды синоптиктер.

Алайда жазғы ауа райы барлығына бірдей ұнай бермейді: батыс және шеткі солтүстік облыстар циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Кейбір аймақтарда нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанның үш қаласында ауа райы қолайсыз болатыны хабарланған болатын.

Фото: Egemen.kz 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу