freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әлем кубогы: боксшы Аида Әбікеева турнирді сәтті бастады

Спорт
Әлем кубогы: боксшы Аида Әбікеева турнирді сәтті бастады
ҰОК

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында әлем кубогы кезеңінде шаршы алаңға шыққан Аида Әбікеева жекпе-жекте басымдық танытты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы, 65 келідегі Аида Әбікеева 1/8 финалда Чехия өкілі Виктори Жилковамен жекпе жекке шыққан болатын. Айқас барысында отандасымыз сауатты қорғанып қана қоймай, әр соққысын есеппен және дәл бағыттай білді. Тіпті төреші қарсыласқа үш мәрте есеп те ашты. Қорытынды есеп: 5:0. Ендігі жекпе жек 24 сәуір марокколық Доуа Заккиге қарсы өтпек.

Бүгін келесі боксшыларымыз жекпе-жекке шығады. 

60 келі. Виктория Графеева - Мари ал Ахмади (Канада)

70 келі. Фарух Тоқтасынов - Наби Исгандаров (Әзірбайжан)

85 келі. Сұлтанбек Айбарұлы - Паоло Карусо (Италия)

65 келі. Аида Әбікеева - Доуа Закки (Марокко)

80 келі. Диас Молжігітов - Оладимеджи Шитту (Англия)

51 келі. Алуа Балқыбекова - Дайана Мурхауз (Ирландия)

50 келі. Даниял Сәбит - Иссам Бенсаяр (Марокко)

75 келі. Санжарәлі Бегалиев - Саиджамшид Джафаров (Әзірбайжан). 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу