Афтершоктар жалғасуда: Ыстамбұлда тағы да жер сілкінді

Арман Қайыпхан

  • 26.04.2025

Түркияда сәрсенбі күні Мәрмәр теңізінде болған 6,2 магнитудалы жер сілкінісінен кейін қайталанған дүмпулер жалғасуда, деп хабарлайды Malim.kz NTV-ге сілтеме жасап.

Мәрмәр теңізіндегі Бүйүкчекмедже жағалауында 4,3 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Бүйүкчекмедже ауданынан 17,82 шақырым қашықтықта, 7,01 шақырым тереңдікте орналасқан. Осыдан кейін бұл ауданда тағы екі дүмпу болды – магнитудалары 3,5 және 3,7.

Сейсмологтардың айтуынша, Ыстамбұлда магнитудасы 4 және одан жоғары сегіз афтершок тіркелген.

Қала билігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп мегаполис тұрғындарын эвакуациялау бойынша егжей-тегжейлі жоспар дайындады.

Егер 7,5 магнитудалы жойқын жер сілкінісі орын алса, зардап шеккендер Түркияның басқа өңірлеріне – Анталья, Аланья, Конья, Измир, Маниса және Денизли қалаларына жіберіледі.

Қала бойынша барлығы 23 эвакуациялық аймақ белгіленген. Эвакуация барлық мүмкін көлік түрлерімен – теңіз, пойыз, автобус және әуе көлігімен жүргізіледі.

Еске сала кетейік, 23 сәуірде Силиври жағалауында 3,9 магнитудалы жер сілкінісінен кейін Ыстамбұлда 6,2 магнитудалы екінші жер сілкінісі болды. Ол 10 секундқа дейін сезілген.
Фото:depositphotos.com

Байланысты жаналықтар

Зеленский Ватиканда Трамппен не туралы сөйлескенін айтты

26.04.2025

Иранда жойқын жарылыс болды

26.04.2025

Ақ үйдегі дау-дамайдан кейін Трамп пен Зеленский алғаш рет кездесті

26.04.2025

Ватиканда Рим папасымен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

26.04.2025

АҚШ Украинаға киберқауіпсіздік саласындағы көмегін қысқартты

26.04.2025

Путин АҚШ президентінің арнайы өкілі Уиткоффпен кездесті

25.04.2025
MalimBlocks
Зеленский Ватиканда Трамппен не туралы сөйлескенін айтты

Иранда жойқын жарылыс болды

Ақ үйдегі дау-дамайдан кейін Трамп пен Зеленский алғаш рет кездесті

Ватиканда Рим папасымен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

АҚШ Украинаға киберқауіпсіздік саласындағы көмегін қысқартты

Путин АҚШ президентінің арнайы өкілі Уиткоффпен кездесті