457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Албания TikTok желісін бір жылға шектеді

Фото: euronews.com

Албания билігі TikTok әлеуметтік желісін бір жылға жабу туралы шешім қабылдады, өйткені бұл платформа жастар арасында зорлық-зомбылық пен буллингті көбейтіп жатыр деп қарайды ел билігі, деп хабарлайды euronews.com сайтына сілтеме жасап, www.malim.kz.

Премьер-министр Эди Рама бұл шешімді халықпен кеңескеннен кейін қабылдағанын айтты. Ал, платформаны пайдаланушылар бұл шешіммен келіспей, TikTok тек көңіл көтеру үшін қолданылатынын жеткізді.

Албания билігі TikTok-ты бұғаттауды 2025 жылдан бастамақ, бірақ бұл шешімге қарсы саясаткерлер мен кейбір азаматтар наразылық білдірді. TikTok компаниясы платформасында мұндай зорлық-зомбылыққа қатысы бар аккаунттарды таппағанын мәлімдеді. Бірақ Рама Албанияның өз балаларын қорғау мақсатында бұл қадамды жасағанын айтты. Албанияда осы шешімнен кейін, мектептерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.