Ақ үйдегі дау-дамайдан кейін Трамп пен Зеленский алғаш рет кездесті

Арман Қайыпхан

  • 26.04.2025

Бүгін Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамп Римде қысқа кездесу өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Украина президентінің баспасөз хатшысы Сергей Никифоровтың айтуынша, бұл кездесу папа Францисктің жерлеу рәсіміне қатысар алдында ұйымдастырылды. Кездесу шамамен 15 минутқа созылған.

Кездесудің басқа мәліметтері жария етілген жоқ.
Өз кезегінде Ақ үй бұл қысқа әңгімені "өте нәтижелі" деп атап, алдағы уақытта қосымша ақпарат беретінін мәлімдеді. Бұл Трамп пен Зеленскийдің ақпан айының соңындағы Ақ үйдегі дауылдан кейінгі алғашқы кездесуі болды.

БАҚ деректеріне сүйенсек, тараптар жерлеу рәсімінен кейін тағы бір толыққанды кездесу өткізуге уағдаласқан.

Өз Telegram-каналында Владимир Зеленский кездесуді:

«Жақсы әрі символикалық кездесу болды. Бірнеше маңызды мәселелерді жеке талқылауға үлгердік. Барлық айтылған бастамалардың нәтижесіне үміт артамыз. Бастысы – халқымыздың өмірін қорғау, атысты толық әрі сөзсіз тоқтату және соғыстың қайталануынан сақтандыратын сенімді әрі ұзақ мерзімді бейбітшілік орнату», – деп жазды.

Ол сондай-ақ Ақ үй басшысына алғысын білдірді.

Еске салсақ, наурыз айында Владимир Зеленский мен Дональд Трамптың Ақ үйдегі кездесуі дау-дамайға ұласып кеткен еді.

Фото: Ukrainian Presidential Press Service/Handout via REUTERS

Байланысты жаналықтар

Трамп ОАР президентін ақ нәсілділерді қудалады деп айыптады 

22.05.2025

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21.05.2025

Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты жаңа ұстанымы: менің проблемам емес

21.05.2025

Трамп пен Путин Украина бойынша 2 сағаттан астам сөйлесті

19.05.2025

Зеленский Рим Папасымен кездесті

19.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025
MalimBlocks
Трамп ОАР президентін ақ нәсілділерді қудалады деп айыптады 

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты жаңа ұстанымы: менің проблемам емес

Трамп пен Путин Украина бойынша 2 сағаттан астам сөйлесті

Зеленский Рим Папасымен кездесті

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім