АҚШ-та Трамп пен Масктың саясатына қарсы наразылықтар басталды

Арман Қайыпхан

  • 06.02.2025

АҚШ-та жаңадан сайланған президент Дональд Трамптың әрекеттеріне қарсы жаппай наразылық шерулері өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Мыңдаған адам сәрсенбі күні елдің түрлі қалаларында Трамп әкімшілігінің алғашқы қадамдарына қарсылық білдірді. Олар президенттің иммиграциялық қысымынан бастап, трансгендерлердің құқықтарын шектеуіне және Газа секторындағы палестиналықтарды күштеп көшіру туралы ұсынысына дейін бәрін айыптады.

Техас штатының астанасы Остинде жүздеген адам қала орталығымен шеру жасап, «Фашизмге жол жоқ!» және «Демократиямызды қорғайық!» деп ұрандатты.

Филадельфия, Калифорния, Миннесота, Мичиган, Висконсин, Индиана және басқа да қалаларда наразылық білдірушілер Дональд Трампты, миллиардер Илон Маскты және федералды үкіметті реформалап, президенттің билігін күшейтуге бағытталған «Жоба 2025»-ті сынға алды.

Бірқатар қалаларда демонстранттар Илон Маск пен оның басшылығындағы Үкімет тиімділігі департаментіне (DOGE) қарсылық білдірді. Олардың ашу-ызасын Масктың үкіметтегі өсіп келе жатқан ықпалы, әсіресе бұл департаменттің төлем жүйелерінің деректеріне қол жеткізуі тудырды.

Байланысты жаналықтар

Үш адамды атып өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталды

22.02.2025

Әлем елдеріндегі блогерлер салықты қалай төлейді?

21.02.2025

ХАМАС Израильге 4 адамның табытын қайтарды

20.02.2025

Ердоған Зеленскийге Украина жерінің тұтастығы даусыз екенін мәлімдеді

18.02.2025

АҚШ-РЕСЕЙ КЕЗДЕСУІ: САУДИЯДА НЕ АЙТЫЛДЫ?

18.02.2025

Эр-Риядта АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздер өтті

18.02.2025
MalimBlocks
Үш адамды атып өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталды

Мен кінәлі екенімді білемін, бірақ жауапкершілікті сезінбеймін, — деді ол

Әлем елдеріндегі блогерлер салықты қалай төлейді?

АҚШ-та серіктестерден, жарнамалық кірістер мен демеушілерден түскен кез келген қаражатқа салық салынады

ХАМАС Израильге 4 адамның табытын қайтарды

Ердоған Зеленскийге Украина жерінің тұтастығы даусыз екенін мәлімдеді

АҚШ-РЕСЕЙ КЕЗДЕСУІ: САУДИЯДА НЕ АЙТЫЛДЫ?

Эр-Риядта АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздер өтті