АҚШ-та Трамптың рейтингі төмендеп барады

Арман Қайыпхан

  • 22.04.2025

АҚШ президенті Дональд Трамптың қызметіне деген халықтың қолдау деңгейі оның 2025 жылдың қаңтарында екінші мерзімге Ақ үйге қайта оралғаннан бергі ең төменгі көрсеткішке жетті. Бұл туралы Reuters агенттігінің тапсырысы бойынша Ipsos қоғамдық пікірді зерттеу институты жүргізген сауалнама нәтижелері көрсетіп отыр.

Алты күнге созылған сауалнама қорытындысы бойынша, қатысушылардың шамамен 42%-ы Трамптың президент ретіндегі қызметіне қанағаттанатындарын айтқан. Бұл — үш апта бұрын жүргізілген Reuters/Ipsos зерттеуіндегі 43%-дан төмен. Ал Трамптың 20 қаңтар 2025 жылы өткен инаугурациясынан кейінгі алғашқы күндері оның қолдау көрсеткіші 47%-ға жеткен еді.

Сарапшылардың пайымдауынша, халықтың сенім деңгейінің төмендеуіне Трамптың билігін кеңейтуге бағытталған әрекеттері себеп болып отыр. Америкалықтар бұл бастамаларға сақтықпен қарап, алаңдаушылық білдіруде.

Фото: Alex Brandon/AP/picture alliance

Байланысты жаналықтар

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025
MalimBlocks
Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

Тізімде ең бірінші 8% өсіммен Amazon және Meta тұр

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті