БҰҰ Ауғанстанға әйелдерді кемсітетін шектеулерді алып тастауды талап етті

Бұл – Ауғанстанның халықаралық қауымдастыққа қайта оралуының жалғыз жолы

Мадина Қайнарова

  • 25.09.2024

БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Розмари ДиКарло Ауғанстан билігінен әйелдерге қатысты барлық шектеулерді алып тастауды талап етті.


Ол бұл туралы Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Ауғанстан бойынша өткен шарада айтты.

ДиКарлоның айтуынша, әлемнің ешбір жерінде әйелдерге тыйым салатын тәліптердікі секілді шектеулер жоқ. Мысалы, Ауғанстанда қыздар мен әйелдердің мектепке, университетке, спорт залдарына, қоғамдық саябақтарға бару және үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеуге құқығы жоқ. Елде барлық сұлулық салоны жабылған. Мұндағы әйелдер толығымен жабық киініп, бет-жүзіне дейін тұмшалап жүруге міндетті.

Розмари ДиКарло БҰҰ Ауғанстанмен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту үшін Доха деп аталатын процеске жетекшілік ететінін еске салды.

– Біз іс жүзінде Ауғанстан билігінен басқаруды инклюзивті етуді, әйелдер мен қыздардың құқығын және жалпы адам құқықтарын құрметтеуді, сондай-ақ терроризм мен есірткіге қарсы тиімді әрекеттерді күшейтуді күтеміз. Мұның орнына халықаралық қауымдастық өзінің шектеулерін біртіндеп жеңілдетеді. Мұндағы мақсат – тәліптерді ең алдымен ауған халқы мен халықаралық қауымдастық алдындағы міндеттемелерін орындауға мәжбүрлеу. Бұл – Ауғанстанның халықаралық қауымдастыққа қайта оралуының жалғыз жолы, - деді Розмари ДиКарло.

Айта кетсек, биыл шілдеде өтен соңғы кездесуде ДиКарло мен басқа да қатысушылар әйелдерге тыйым салатын түрлі шектеулер мәселесін көтеріп, оның жаһандық қауымдастықтың тәліптермен өзара әрекеттесуіне кедергі болатынын айтқан еді.

Фото: voxpopuli

Байланысты жаналықтар

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

БҰҰ басшысы сауда соғысының қауіпті екенін ескертті

06.04.2025

"Cоғыстың кесірінен Рамазан мерекесін мұсылмандар тойлай алмай отыр" - БҰҰ бас хатшысы

31.03.2025

Голан жотасында жүрген Қазақстан бітімгерлеріне БҰҰ қанша ақша төлейді

12.02.2025

Америкадан кейін Израиль БҰҰ Адам құқықтары кеңесінен шығатынын мәлімдеді. БҰҰ-ның тағдыры не болады?

06.02.2025
MalimBlocks
Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

БҰҰ басшысы сауда соғысының қауіпті екенін ескертті

"Cоғыстың кесірінен Рамазан мерекесін мұсылмандар тойлай алмай отыр" - БҰҰ бас хатшысы

БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш мұсылмандарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Голан жотасында жүрген Қазақстан бітімгерлеріне БҰҰ қанша ақша төлейді

Америкадан кейін Израиль БҰҰ Адам құқықтары кеңесінен шығатынын мәлімдеді. БҰҰ-ның тағдыры не болады?

БҰҰ ыдыраудың алдында тұр. Әлемде жаңа тәртіп орнауы мүмкін.