Ердоғанның басты қарсыласы Фетхуллах Гүлен АҚШ-та қайтыс болды

Ол ұзақ уақыт бойы ауыр сырқатпен күресті

Мадина Қайнарова

  • 21.10.2024

Түркия президенті Режеп Ердоғанның басты қарсыласы және FETO түрік оппозициялық ұйымының басшысы Фетхуллах Гүлен қайтыс болды. Бұл туралы Herkul порталы жариялады. 

Гүлен АҚШ-та 1999 жылдан бері тұратын. Осы елде 83 жасында дүниеден өтті. Ол ұзақ уақыт бойы ауыр сырқатпен күресіп, ауруханаға жатқызылған еді, бірақ оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Гүленнің өлімі туралы ақпаратты оның жиені Эбуссеме Гүлен растады. Оның айтуынша, Фетхуллах 20 қазанда Пенсильваниядағы клиникада қайтыс болды.

Фетхуллах Гүлен - түрік ислам уағызшысы және қоғам қайраткері. Ол білім беру мекемелерінің, қайырымдылық ұйымдарының, медиа компаниялардың және басқа жобалардың желісін қамтитын “Хизмет" қозғалысын құрды. Гүленнің идеологиясы дінаралық диалогты, толеранттылықты және білім беру реформаларын белсенді қолдауға бағытталған.

2016 жылдың 15 шілдесінде Түркияда төңкеріс әрекеті болып, оны түрік билігі Гүленді ұйымдастырды деп айыптады. Ал ол өзінің бұл оқиғаға қатысы жоқ екенін айтқан.

Бұған дейін Түрік БАҚ-тары Гюленнің 2021 жылдың 17 қарашасына қараған түні уланғанын хабарлаған. Алайда кейінірек FETO түрік оппозициялық ұйымы басшысының өлімі туралы ақпарат жоққа шығарылды.

Фото: Reuters

Байланысты жаналықтар

Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті

30.03.2025

Ердоған Түркияда демалыс күндерін ұзартты

28.03.2025

Түркиядағы наразылықтарда 1900 адам ұсталды

27.03.2025

Экрем Имамоглу ресми түрде Түркия президенттігіне үміткер болды

24.03.2025

Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлу қамауға алынды

23.03.2025

Ердоған Наурыз мерекесін Түркияда да атап өтуді ұсынды

22.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті

Ердоған Түркияда демалыс күндерін ұзартты

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ораза айт мерекесі биыл тоғыз күнге созылатынын мәлімдеді

Түркиядағы наразылықтарда 1900 адам ұсталды

Экрем Имамоглу ресми түрде Түркия президенттігіне үміткер болды

23 наурызда Түркияның оппозициялық Республикалық Халық партиясының алдын ала сайлауында 15 миллион адам биліктен қуылып, тұтқындалған Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглуға қолдау білдіріп, дауыс берді

Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлу қамауға алынды

Прокуратура оған бірнеше бап бойынша айып тақты

Ердоған Наурыз мерекесін Түркияда да атап өтуді ұсынды