Грузия президенті «шетелдік агенттер» туралы заңға қол қоюдан бас тартты

Зурабишвили бұған басынан қарсылығын білдірген.

Malim Админ

  • 20.05.2024

Грузия президенті Саломе Зурабишвили парламент үш оқылымда қабылдаған "шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы" заңға вето қойғанын мәлімдеді. Ол Ресейдің "шетелдік агенттер" туралы репрессиялық заңнамасымен салыстырылып жүрген бұл заңның енуіне жол бермеу керек екенін жеткізді, деп хабарлайды ВВС

Зурабишвили бұған басынан қарсылығын білдірген.

Мен ”ресейлік” заңға вето қойдым. Бұл ресейлік заң, ресейлік болып қалуы керек. Шын мәнінде, біздің конституциямызға және барлық еуропалық стандарттарға қайшы келетін және сол арқылы біздің еуропалық жолымызға кедергі келтіреді. Бұл заңның күші жойылуы керек, — деді президент.

Оның айтуынша, 19 мамырда вето парламентке берілді.

14 Мамырда Грузия парламенті үшінші және соңғы оқылымда "шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы" заң жобасын қабылдады. Заң жобасын үшінші оқылымда 84 депутат қолдаған. Ал отыз адам қарсы дауыс берген.

Кейін бұл заңға батыстық серіктестердің мыңдаған наразылығы мен бұрын-соңды болмаған сындары айтылды.

Парламенттегі талқылау Тбилисидің орталығындағы жаппай наразылықтармен жалғасты. Кейін митингке қатысушылар полициямен қақтығысып, тұтқындала бастады.

Оппозицияның пікірінше, заң жобасы Ресейдің "шетелдік агенттер" туралы заңнамасын қайталайды. Яғни заңның қабылдануы ресейлік сценарийге ұқсас — стигматизацияға және билікті сынайтын тәуелсіз ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысының тоқтатуына әкеледі. Сонымен бірге заң алты ай бұрын ЕО-ға кіруге үміткер мәртебесін алған Грузияның еуроинтеграциясына қауіп төндіретінін алға тартты.

Алда Зурабишвили ветосынан соң заңға байланысты қайта талқылау мен дауыс беру болады. Егер парламентте көп дауыс заңды қалдыруға шешілсе, онда Зурабишвили қол қоймаса да парламент басшысы оның орнына қол қойып қабылдауға құқылы. 

Фото: AP/Shakh Aivazov

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған