Илон Маск: Starlink ешқашан Украинадағы терминалдарын өшірмейді

Арман Қайыпхан

  • 10.03.2025

Америкалық миллиардер Илон Маск спутниктік байланыс қызметі Starlink-тің Украинада жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оған дейін Маск пен Польшаның сыртқы істер министрі Радослав Сикорский және АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио арасында дау өрбіді.

Алғашында миллиардер оның Starlink жүйесі "Украина армиясының негізгі тірегі" екенін және егер сервис өшірілсе, Украина майданы толығымен күйрейді деп мәлімдеді.

Бұған жауап ретінде Польшаның сыртқы істер министрі Сикорский Украинадағы Starlink үшін ақшаны Польша цифрлық технологиялар министрлігі жылына шамамен 50 миллион доллар төлеп жатқанын атап өтті.

Егер SpaceX сенімсіз болып шықса, біз басқа провайдерлерді іздеуге мәжбүр боламыз, – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Маск Сикорскийдің бұл пікіріне қатал жауап берді.

Үніңді өшір, кішкентай адам. Сендер шығындардың тек аз ғана бөлігін төлейсіңдер. Starlink-тің орнын басатын балама жоқ, - деді ол.

Кейін ол тағы бір жазба жариялап, Киев саясатына келіспейтінін мойындағанымен, Starlink терминалдарын Украинада өшірмейтінін және оны қысым көрсету құралы ретінде пайдаланбайтынын баса айтты.

Маск пен Сикорский арасындағы дауға АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио да араласты. Ол Сикорскийді жалған ақпарат таратып отыр деп айыптады.

Ешкім Украина үшін Starlink-ті өшіреміз деп қорқытқан жоқ. Сендер рақмет айтуларың керек еді. Starlink болмаса, Украина әлдеқашан соғыста жеңіліп, Ресей әскері Польша шекарасында тұрар еді, – деді Рубио.

Фото: hadrian/ifeelstock/IMAGO

Байланысты жаналықтар

Эммануэль Макрон: АҚШ ашуын Путинге бағыттауы тиіс

25.04.2025

«Владимир, тоқта!»: Трамп Путинге үндеу жариялады

24.04.2025

Украина Трамп ұсынған жоспардан бас тартса, АҚШ келіссөздерден шығады

23.04.2025

Украина тұтқынға түскен екі қазақ жігітін босатты

20.04.2025

Путин Украинаға қарсы атысты тоқтататынын айтты. Зеленский не дейді?

19.04.2025

Мәскеу мен Киев қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерімен алмасты

18.04.2025
MalimBlocks
Эммануэль Макрон: АҚШ ашуын Путинге бағыттауы тиіс

Франция президенті Путиннің жалған сөйлеп отырғанын айтты

«Владимир, тоқта!»: Трамп Путинге үндеу жариялады

Украина Трамп ұсынған жоспардан бас тартса, АҚШ келіссөздерден шығады

Украина тұтқынға түскен екі қазақ жігітін босатты

Путин Украинаға қарсы атысты тоқтататынын айтты. Зеленский не дейді?

Ресей президенті Владимир Путин Пасха мерекесіне орай соғыс әрекеттерін уақытша тоқтататынын айтты

Мәскеу мен Киев қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерімен алмасты