Washington Post газетінен 200 мыңнан астам оқырман бас тартты

Себеп – газет президенттікке үміткерлердің ешқайсына қолдау көрсетпейтін болды

Мадина Қайнарова

  • 30.10.2024

АҚШ президентіне үміткер Камала Харриске қолдау көрсетпегені үшін Washington Post газетінен 200 мыңнан астам оқырман бас тартты.

Washington Post – әлемге танымал аса беделді басылым. Дегенмен, дәл қазір оның иесі әрі Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безос кризистік жағдайға тап болды. Газеттің 200 мыңнан астам оқырманы оған жазылудан бас тартқан. Себеп – газет президенттікке үміткерлердің ешқайсына қолдау көрсетпейтін болды. Басылым иесі осындай шешім қабылдаған.

Өткен жұмада Washington Post АҚШ президенттігіне үміткерлерге қолдау көрсетпейтіні туралы мәлімдеме жасады. Басылым 1970 жылдан бері Демократиялық партияның кандидаттарын қолдап келген.

Дереккөздердің ақпаратынша, газет редакциясы бұған дейін Камала Харристі қолдайтын материал дайындауды қолға алған. Алайда, ол мақала жарияланбайтын болды.

Безостың шешімі редакцияның ішінде де, 50 жылдан астам уақыт осы газетке жазылып келген оқырмандардың арасында да наразылық тудырды.  

Washington Post газетінің Бас директоры Уильям Льюис басшылықтың шешімі сайлаушыларға ықпал етпеу мақсатында қабылданған деп түсіндірді.

Дегенмен, қызметкерлердің мүддесін білдіретін Washington Post Гильдиясы Бас директордың қадамы мен мәлімдемесіне алаңдайтынын айтты.

- Бұл хабарламаның редакция алқасының өзінен емес, Уильям Льюистің атынан жасалғаны бізді алаңдатады. Демек, басшылар редакторлар құрамының жұмысына араласады, - делінген Гильдия мәлімдемесінде.

Безос британдық Уильям Льюисті жақында ғана Бас директор етіп тағайындаған. Сыншылар оның бұрын бірнеше рет ірі жанжалдарға, атап айтқанда, Руперт Мердокқа тиесілі бұқаралық ақпарат құралдарындағы жанжалға қатысы бар екенін еске салды.

Ал WP-тың бұрынғы атқарушы редакторы Марти Бэррон кандидаттарды қолдаудан бас тартуды қазіргі газет басшылығының қорқақтығы мен мінезсіздігі деп атады.

Дүйсенбіде газет иесі Джефф Безос өз ұстанымын түсіндіретін мәлімдеме жариялады.

Айтуынша, ол мұндай шешімді адамдардың дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенімін жоғалтып, әлеуметтік желілердегі жаңалықтарды тұтынатын тенденцияға алаңдағандықтан қабылдаған. Безостың пікірінше, бұл оқырмандарды жалған ақпараттың алдында өте осал етеді.

- Көптеген адамдар бұқаралық ақпарат құралдары біржақты деп санайды. Мұны көрмеген адам шындыққа аз көңіл бөледі, ал шындықпен күресетіндер жеңіліп қалады, — деп жазды әлемдегі ең бай адамдардың бірі Безос.

Камала Харрис пен Дональд Трамп арасындағы Ақ үй үшін күресті АҚШ-та көпшілік америкалық демократия үшін стресс-тест болды деп жатыр.

Алайда Безос бұқаралық ақпарат құралдарының ешқандай ұстанымы сайлау нәтижесіне әсер ете алмайтынына сенімді.

- Пенсильваниядағы әлі таңдау жасамаған сайлаушылардың ешқайсысы «мен осы газеттің пікірін қолдаймын» деп айтпайды. Шын мәнінде, бұқаралық ақпарат құралдарына үміткерлерді қолдау біржақтылық пен тәуелділікті білдіреді. Мұны тоқтату - біздің негізгі шешіміміз және бұл дұрыс, — деп жазды WP иесі.

Бірақ басылымның 20 колумнисті бірлескен мәлімдеме жариялап, онда газет басшылығының шешімін көпжылдық іргелі принциптерден бас тарту деп атады. Сондай-ақ осы жағдайға байланысты редакцияның бірнеше қызметкері наразылық ретінде жұмыстан шығып кетті. 

Фото: geworld.ge

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті