Литвада төрт америкалық сарбаз көз жұмды

Арман Қайыпхан

  • 26.03.2025

Литвадағы оқу-жаттығу кезінде танкіде болған төрт америкалық сарбаз жоғалып, кейін өлі табылды, деп хабарлайды Malim.kz литвалық Delfi сайтына сілтеме жасап.

Литвалық басылымның мәліметінше, сейсенбі кешінде Пабраде полигонында жоғалған төрт шетелдік әскери қаза тауып, олардың шынжыр табанды көлігі батпақтан табылған.

Ресми дереккөздер сарбаздардың жоғалғанын растады.

Литва әскери күштерінің хабарлауынша, Пабраде полигонындағы жаттығу кезінде төрт америкалық сарбаз бен бір шынжыр табанды техника жоғалып, ауқымды іздестіру операциясы басталған.

“Операцияға литвалық және шетелдік әскери қызметкерлер, сондай-ақ Литва Әуе күштері мен Мемлекеттік шекараны қорғау қызметінің тікұшақтары жұмылдырылды”, – деп хабарлайды Delfi.

Бұған дейін Литва Қарулы Күштері оқиға орны анықталғанын және іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатқанын мәлімдеген. Оған Өрт және құтқару департаменті мен басқа да мекемелердің күштері тартылған.

Ақпарат көздеріне сүйенсек, сарбаздар су қоймасына кіргеннен кейін қаза тапқан болуы мүмкін. Алайда АҚШ Қарулы Күштерінің Еуропа және Африка бойынша өкілі олардың денелерінің табылғанын растамаған.

Бейресми мәліметтерге қарағанда, жоғалған сарбаздар АҚШ Қарулы Күштерінде қолданылатын ең ірі броньды көліктердің бірі – М88 жөндеу-эвакуациялық машинасында болған.

АҚШ әскери басшылығының мәлімдеуінше, жоғалған сарбаздар оқиға кезінде “жоспарлы тактикалық жаттығуларға” қатысқан.

Балтық елдері – Литва, Латвия және Эстония – НАТО мүшелері болып табылады, сондықтан бұл аймақта жиі бірлескен оқу-жаттығулар өтеді.

Фото:depositphotos.com

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті