Нью-Орлеандағы терактіден қаза тапқандар саны 15 адамға жетті

Полиция теракт жасаған Шамсуд-Дин Джаббар есімді адамды атады

Мәди Саматұлы

  • 02.01.2025

Луизиана штатының Нью-Орлеан қаласында Жаңа жыл түнінде көлік көшедегі жұртты соғып өтіп, 15 адам қаза тауып, кемінде 35 адам жарақат алды. BBC оқиға мен күдікті туралы бірқатар мәліметті жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жаңа жылдың бірінші күні, таңғы 03:15 шамасында, Ford пикабы Бурбон-стриттегі Француз кварталының орталығында жиналған халыққа соққан. Қауіпсіздік камераларынағы түсірілген кадрларға қарағанда, ақ түсті Ford F-150 Lightning көлігі полиция көлігін айналып өтіп, тротуарға шығып, жаяу адамдарды қаққан.

Күдікті Шамсуд-Дин Джаббар көліктің ішінде қарумен болған және құқық қорғаушыларға оқ жаудырып, екі полиция қызметкерін жарақаттаған. Одан кейін оны полиция атып өлтірген.

АҚШ Федералды тергеу бюросы күдіктінің аты-жөнін жариялады: ол 42 жастағы Техас тұрғыны, ардагер жауынгер Шамсуд-Дин Джаббар болып шықты. Оның басқарған көлігінен «Ислам мемлекеті» ұйымымен байланысты ту табылған және ФТБ оның террористік топтармен байланысын тексеріп жатқанын мәлімдеді.

фото: bbc.com

Президент Джо Байденнің кешкі үндеуінде, ФТБ оған осы шабуыл туралы хабарлағанын айтты. Байденнің сөзінше, күдікті шабуылдан бірнеше сағат бұрын әлеуметтік желілерге видео жариялап, «Ислам мемлекеті» ұйымынан шабыт алғанын және «адамдарды өлтіру» ниетін білдірген.

Сондай-ақ, оқиға маңынан ықтимал жарылғыш заттар табылған.

Фото: ici.radio-canada.ca / Getty Images / AFP / MATTHEW HINTON

Байланысты жаналықтар

Нұрлан Сабуровтың шетелдегі мүлкі туралы ақпарат тарады

25.05.2025

Джо Байден сырқаты жайлы хабардан кейін алғаш рет жұрт алдына шықты

25.05.2025

АҚШ Қорғаныс министрі Пентагондағы журналистердің қозғалысын шектеді

24.05.2025

Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салынды

23.05.2025

Вашингтонда Израиль елшілігінің екі қызметкері оққа ұшты

22.05.2025

Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты жаңа ұстанымы: менің проблемам емес

21.05.2025
MalimBlocks