Пентагон құжаттарын жариялады деп айыпталған Джек Тейшейра сотталды

2022 жылдың соңында құпия файлдарды жүктей бастаған

Malim Админ

  • 13.11.2024

2023 жылы Пентагон тарихындағы ең үлкен құпия құжаттарды жария еткен АҚШ Ұлттық гвардиясының экс-қызметкері Джек Тейшейра бас бостандығынан айырылды.  2024 жылы 12 қарашада ол 15 жылға сотталды.


AP басылымның ақпаратына сүйенсек, Массачусетс штатындағы АҚШ Ұлттық гвардиясының 102-ші әуе күштерінің барлау бөлімшесінде жұмыс істеп жүргенде Тейшейра құпия материалдарға, соның ішінде карталарға, спутниктік суреттерге және АҚШ одақтастарының барлауына қатысты құжаттарға қол жеткізген. Кейін оларды танымал Discord онлайн платформасында жария еткен.

Ол жабық топ мүшелерімен бөліскен құжаттардың арасында Украинадағы соғыс туралы құпия ақпарат та болған.

Прокурорлар Тейшейраны 16,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Адвокаттар 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Үкімді жеңілдетуді сұрай отырып, Тейшейраның адвокаттары сот құжаттарында оның мектепте, содан кейін әскери бөлімде буллинг көргенін айтқан.

Тұтқындалған тұста 21 жаста болған Тейшейра Discord платформасында шағын жабық топты басқарған. 2022 жылдың соңында құпия файлдарды жүктей бастаған. Кейінірек құжаттар желіде тараған.

Наурызда 22 жастағы Тейшейра Ұлттық қорғаныс туралы ақпаратты қасақана сақтау және жария ету бойынша кінәсін мойындады.

Тейшейра 2019 жылы Массачусетс штатындағы Ұлттық гвардия бөлімінде жұмыс істеген. Құпия құжаттармен жұмыс істеу кезінде «ақпаратты жария етпеуге келісім беріп», тиісті құжатқа қол қойған және өзінің қылмыстық қудалауға ұшырауы мүмкін екенін білген. Сот осы және өзге де дәлелдерді ескере отырып, жігітті 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Құпия құжаттар жария болғаннан кейін Пентагон ақпаратты сақтау және жұмыс істеу ережелерін қайта қарауға мәжбүр болған. 

Фото: Instagram  

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

14.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды