freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда деректердің таралуына қатысты жазаны қатаңдату ұсынылды

Қоғам
Қазақстанда деректердің таралуына қатысты жазаны қатаңдату ұсынылды
Фото: pixabay

Қазақстанда азаматтардың дербес деректерінің жаппай таралуына байланысты жауапкершілікті күшейту мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен азаматтардың ақпараттарымен жұмыс істейтін ұйымдарға бақылауды күшейту жоспарлануда.

2026 жылдың алғашқы жеті айында осы салада 90 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың саны бір жыл ішінде төрт еседен астам өскен.

Қолданыстағы талаптарды бұзғаны үшін айыппұл мөлшері де ұлғайтылып, 1000-2000 айлық есептік көрсеткішке дейін жеткізілген.

Министрлік мәліметінше, деректердің таралуына көбіне қызметкерлердің қателігі себеп болады. Олардың арасында парольдерді басқа адамдарға беру, ақпаратқа қажетсіз қолжетімділік ашу және деректерді заңсыз жүктеп алу жағдайлары бар.

Осыған байланысты ұйым басшыларына ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жеке бақылау міндеті жүктелген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу