Иран АҚШ-пен уақытша атысты тоқтату режимін орнатуға мүдделі емес. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Оның айтуынша, бірқатар елдер тараптарды жақындастыруға және араағайындық жасауға ұсыныс білдірген. Алайда Иран мұндай бастамаларға нақты жауап берген.
«Біздің барлығына жауабымыз анық болды: біз атысты тоқтатуды емес, соғыстың аяқталғанын қалаймыз. Бірнеше айдан кейін қайта басталатын 12 күндік соғыс пен одан кейінгі атысты тоқтатудың қажеті жоқ», – деді Иран СІМ басшысы.
18 маусымда АҚШ пен Иран уақытша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын. Алайда бірнеше күннен кейін АҚШ билігі Тегеранды Ормуз бұғазындағы атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптады.
Өз кезегінде Иран тарапы да америкалық әскери күштерді соққы жасады деп айыптаған.