Перудің экс-президенті Альберто Фухимори қайтыс болды

Ол 16 жыл түрмеде отырған

Malim Админ

  • 12.09.2024

Сыбайлас жемқорлық және адам құқықтарын бұзды деген айыппен 16 жыл түрмеде отырған Перудің бұрынғы президенті Альберто Фухимори 86 жасында ел астанасы Лимада қайтыс болды, деп хабарлады оның отбасы. Бұл туралы ВВС жазды. 

«Қатерлі ісікпен ұзақ күрескеннен кейін әкеміз Альберто Фухимори жаңа ғана Жаратқанына оралды», - деп мәлімдеді оның балалары.  

Жазда Кейко Фухимори әкесінің 2026 жылғы сайлауда мемлекет басшысы лауазымына тағы да бәсекеге түсуге ниетті екенін хабарлаған.

Перуді 1990-2000 жылдары басқарған Фухимори билік кезінде жасаған қылмысы үшін 25 жылдық жаза мерзімінің үштен екісін өтеп, өткен жылғы желтоқсанда рақымшылықпен түрмеден босатылған еді. 

Оған көтерілісшілермен күресу үшін «өлім эскадрондарын» құрды және 1991-1992 жылдары 25 адамды өлтіруге қатысты, сондай-ақ мемлекет қаржысын жымқырды және басқа да сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген айып тағылды.

2000 жылы жапон текті Фухимори елден шығып, Жапонияға кетті.

Экс-президентке қатысты тергеуді бастаған Перу билігі оны экстрадициялауды сұрады, бірақ Жапония одан бас тартты.

2005 жылы Фухимори күтпеген жерден Чилиге келді, онда ол Перу ордері бойынша тұтқындалып, Лимаға жеткізілді. Ол өз еліне экстрадицияланған демократиялық жолмен сайланған алғашқы көшбасшы болды.

2007 жылы ол 25 жылға сотталды. Перу президенті Педро Пабло Кучински 2017 жылы Фухиморидің денсаулығына байланысты оған рақымшылық жасаған болатын.

Содан кейін Альберто Фухимори аурухана төсегінен жазылған мәлімдемеде ел азаматтарынан кешірім сұрап, президентке кешірім жасағаны үшін алғыс айтты, бірақ оны босатуға қатысты құқықтық дауларға байланысты алты жылдан кейін ғана босатылды.

Фото: Reuters/Pixstream 

Байланысты жаналықтар

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

14.05.2025

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

11.05.2025

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

11.05.2025
MalimBlocks
Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

Тізімде ең бірінші 8% өсіммен Amazon және Meta тұр

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

Олар президенттікке үміткер Кароль Навроцкийдің есімін айтып ұрандатты