«Қаза тапқандар бар»: Түркияда теракт болды

Арман Қайыпхан

  • 23.10.2024

Анкарада TUSAŞ аэроғарыш компаниясының жанында жарылыс болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл компания ұшқышсыз ұшатын аппараттар өндірумен айналысатынын айта кетейік.

Түркиялық A Haber телеарнасының мәліметінше, шабуылдаушылар нысанға кірмек болған, бірақ күзетшілерге тап болған. Осыдан кейін жарылыс болып, атыс басталған.

Түркияның Ішкі істер министрі Али Ерликая бұл оқиғаны теракт деп атады.

Оның айтуынша, автоматпен қаруланған үш лаңкес (біреуі әйел) ғимаратының кіреберісіне келіп, қол гранатасын лақтырған. Шабуыл салдарынан үш адам қаза тауып, 14 адам жараланды. Екі шабуылшы өлтірілді.

Сондай-ақ жергілікті БАҚ 10 адамның кепілде қалғанын жазып жатыр.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Лавров: Ресей Украинадағы атысты тоқтатудан бас тартады

21.05.2025

Мадридте Януковичтің бұрынғы кеңесшісі атып өлтірілді

21.05.2025

Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты жаңа ұстанымы: менің проблемам емес

21.05.2025

Еуроодақ Ресейге қарсы 130-дан астам санкциялық шара қабылдады

20.05.2025

Беларусь Солтүстік Кореямен ынтымақтастық орнатуда

19.05.2025

Трамп пен Путин Украина бойынша 2 сағаттан астам сөйлесті

19.05.2025
MalimBlocks