Шотландияда 65 кит жағаға шығып, қырылып қалды
Мамандар түрлі себебін келтірген
Шотландияның солтүстік жағалауындағы аралда кем дегенде ұзынқанатты 65 кит қырылған. Бұл Ұлыбританиядағы соңғы уақыттағы жаппай қырылған орасан жайттардың бірі. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды, деп хабарлайды Malim.kz.
Британия теңіз тіршілігін сақтау қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына келген ветеринар дәрігерлер жағада 77 жануарды тапқан. Олардың тек 12-сі ғана тірі қалған.
Ал киттер түрлі себеппен жағаға шығып қалатынын айтады. Мысалы, олар шатасып қалса немесе тыныс алуы қиындаса, бірақ ғалымдар бұл құбылыстың тарихта болмағанын айтқан. Дегенмен, тағы бір себебі, киттердің бірі қиын жағдайға тап болғанда басқалары да соның ізіне еріп кетеді де ақыр соңында бәрі де осылай жағаға шығып қалады.
Фото: reuters.com