Тағы бір ұшақ құлап, 12 адам қаза тапты

Ұшақ апатынан 12 адам қаза тауып, бесеуі аман қалды. Оның себебі анықталып жатыр

Malim Админ

  • 18.03.2025

Гондурастың батысындағы Роатан аралында ұшақ апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапты. Бұл туралы Гондурастың ұлттық полициясы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

«Роатан аралында болған ұшақ апатынан 12 адам қаза тауып, бесеуі аман қалды», - делінген хабарламада.

Басылым мәліметінше, қазір құтқарушылар ұшақта болған тағы бір адамды іздеп жатыр.

Бұған дейін La Prensa газеті Ислас-де-ла-Баия департаментінің губернаторы Уго Варелаға сілтеме жасап, бортында 15 жолаушысы бар Lanhsa ұшағы Гондурастың батысындағы Роатан аралындағы әуежайдан көтерілгеннен кейін бірден теңізге құлағанын жазған. Ұшақ Ла-Сейбаға қонуға тиіс болатын.

Бұған дейін ұшақ апаты салдарынан алты адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Құтқарушылар он адамды аман алып қалды, олар ауруханаға жатқызылды.

Полиция ұшақтың механикалық ақаудан құлағанын айтты. Әуе лайнері ұшу-қону жолағына бір шақырым қалғанда құлаған.

Фото: pixabay.com 

Байланысты жаналықтар

Мәскеуде Ресей Қарулы Күштерінің генералы автокөлік жарылысынан қаза тапты

25.04.2025

Семейде белгісіз біреулер танымал дәрігерді өлтіріп кеткен

25.04.2025

"Құдыққа құлаған". Шымкентте бала өлімі бойынша екі кәсіпкер қамауға алынды

25.04.2025

Астанада жүк көлігі 6 жасар баланы қағып кеткен

24.04.2025

Пойызда босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген

22.04.2025

Астанада ҰҚК қызметкері өлі табылды

22.04.2025
MalimBlocks
Мәскеуде Ресей Қарулы Күштерінің генералы автокөлік жарылысынан қаза тапты

Семейде белгісіз біреулер танымал дәрігерді өлтіріп кеткен

"Құдыққа құлаған". Шымкентте бала өлімі бойынша екі кәсіпкер қамауға алынды

Шымкентте алты жасар баланың өлімінен кейін екі кәсіпкер қамауға алынды. Мердігер компания басшылары жарылған кәріз құбырын дер кезінде жамап, уақытында апаттың алдын алмаған

Астанада жүк көлігі 6 жасар баланы қағып кеткен

Салдарынан бүлдіршін қаза тапты

Пойызда босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген

Қызылорда - Астана бағытындағы пойызда әйел босанып, шақалақты терезеден лақтырып жіберген

Астанада ҰҚК қызметкері өлі табылды

Алдын ала мәлімет бойынша, 42 жастағы ер адам пәтерінің терезесінен құлап кеткен