Тбилисиде наразылық тоқтамады. Жұрт алаңда баррикада қойып алған

Ел президенті наразы топпен бірге екенін мәлімдеді

Мәди Саматұлы

  • 30.11.2024

30 қараша күні таңертең Тбилисиде наразылық білдірушілер Шота Руставели даңғылында қалды. Deutsche Welle жазуынша, олар баррикадаларды нығайтып, от жағып, «Сакартвело!» деп ұрандаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Кеше кешке ондаған мың адам қатысқан наразылық акциялары күшейіп, парламент ғимаратының алдында қақтығыстар болды. Демонстранттар полицияға петардалар мен бояу құтыларын лақтырып, парламенттің қақпаларына зақым келтірді.

Полиция су атқыштар мен газ қолданды, жарақат алғандар мен ұсталғандар бар. Президент Саломе Зурабишвили наразылықты «қарсылық қозғалысы» деп атап, еуропалық бағытты қайтару мен жаңа сайлау өткізуді қолдайтынын мәлімдеді.

Civil Georgia сайтының жазуынша, оның алдында 29 қараша күні Еуропа Кеңесінің парламенттік ассамблеясының тұрақты комитеті мәлімдеме жасап, Грузия үкіметінің ЕО-ға кіру жөніндегі келіссөздерді тоқтату туралы мәлімдемесіне алаңдаушылық білдірді. Сондай-ақ, осы шешімге қарсы наразылық білдірген азаматтарды күшпен тарату әрекеті қатаң сынға алынып, Грузияны еуропалық құндылықтарға адал болуға шақырды.

Фото: Гурам Мурадов / Civil.ge

Байланысты жаналықтар

Ватиканда жаңа Рим папасы сайланды

08.05.2025

Ватиканда жаңа Рим папасын сайлау рәсімі басталды

07.05.2025

Еуроодақ басшысы Украинаны тезірек қатарына өтуге шақырды

07.05.2025

Фридрих Мерц екінші талпыныстан кейін Германия канцлері болып сайланды

06.05.2025

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

27.04.2025

“Іш пысты”: Алтынай Жорабаева Грузияда тойдың қалай өтетінін айтты

24.04.2025
MalimBlocks
Ватиканда жаңа Рим папасы сайланды

Ватиканда жаңа Рим папасын сайлау рәсімі басталды

Еуроодақ басшысы Украинаны тезірек қатарына өтуге шақырды

Бұл қауіпсіздіктің ең сенімді кепілі бола алады, - деді Еурокомиссия басшысы

Фридрих Мерц екінші талпыныстан кейін Германия канцлері болып сайланды

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

“Іш пысты”: Алтынай Жорабаева Грузияда тойдың қалай өтетінін айтты

Өнер иесін тойға арнайы шақырған