457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Трамп пен Зеленский келіссөздер барысында сөзге келіп қалды

Вашингтонда өткен кездесуде тараптар Украина мен Ресей арасындағы ықтимал бейбіт келісімді, сондай-ақ АҚШ-қа украин ресурстарына жеңілдетілген қолжетімділік беретін, инвестициялар мен Киев күткен қауіпсіздік кепілдіктерін қарастыратын мәмілені талқылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Алайда келіссөздер қызу дауға ұласты.

Зеленский Ресейді қатаң түрде ауыздықтауды талап етті, ал Трамп Путин келісім жасағысы келетінін алға тартты.

Сонымен қатар, Трамп Зеленскийді АҚШ-тың қолдауы үшін алғыссыздық танытты деп айыптап, қақтығыстың созылуы Үшінші дүниежүзілік соғысқа әкелуі мүмкін екенін ескертті. 
Президенттердің Ақ үйдегі журналистер алдындағы әңгімесі 50 минуттай уақытқа созылды.

Дональд Трамп “тезірек соғысты тоқтатуға” мүдделі екенін айтты.

Ал Зеленский 2014 жылдан бері АҚШ-тың ешбір президенті Ресейді тоқтатуға тырыспады деді.

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Зеленскийді Америкаға “лайықты алғыс білдірмеді” деп сынады.

Дональд Трамп Зеленскийдің “бейбітшілікке” әлі дайын емесін айтты және “дайын болғанда қайта келуге” шақырды.

Фото: Nathan Howard/Reuters