Украинаның Курск облысындағы аумақтарды басып алуға ниеті жоқ - СІМ

Арман Қайыпхан

  • 13.08.2024

Украина Ресей Федерациясының Курск облысында басып алған аумақтарды өзіне қалдырғысы келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz golosameriki.com сайтына сілтеме жасап.

Украина Курск облысының аумағын басып алуға мүдделі емес... Украинаның бұл әрекеттері әлбетте заңды", - деді Украина СІМ-інің ресми өкілі Георгий Тихий.

Алдын ала мәлімет бойынша, Украина қазіргі таңда Курск облысының кем дегенде 800 шаршы шақырымын басқарып отыр. Бұл тұжырым Соғысты зерттеу институты (ISW) ұсынған деректер негізінде жасалды. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен сейсенбіде Киев Курск облысының батысына кенеттен шабуыл жасап, жиырмадан астам елді мекенді басып алды.

Вашингтонда орналасқан ISW коммерциялық емес зерттеу тобы Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс туралы тактикалық ақпарат ұсынып келеді. 

Дүйсенбіде жарияланған видеода Украина әскери күштерінің командирі Александр Сырский президент Владимир Зеленскийге украиналық әскер Ресей аумағының шамамен 1000 шаршы шақырымын бақылап отырғанын және "шабуылды одан әрі үдететінін" айтты.

Халыққа үндеу жасаған Зеленский трансшекаралық шабуыл тек "қауіпсіздік мәселесі", "шекараны тәуелсіз ету" деп мәлімдеді. Себебі дәл осы жақтан Ресей армиясы Украинаның Сум облысына шабуыл жасаған болатын. 

Фото: Viacheslav Ratynskyi/Reuters

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті