ХАМАС көшбасшысы тірі екен

Синвар соңғы күндері Катардағы ХАМАС өкілдерімен байланысқа шығып, оларға хабарламалар жіберген

Мадина Қайнарова

  • 08.10.2024

Радикалды ХАМАС қозғалысының жетекшісі Яхья Синвардың тірі екені белгілі болды. Әлемдік БАҚ оның ұзақ үнсіздіктен кейін байланысқа шыққанын жарыса жазып жатыр.

Синвар соңғы күндері Катардағы ХАМАС өкілдерімен байланысқа шығып, оларға хабарламалар жіберген. Бұл туралы Walla басылымы израильдік шенеуніктің ақпаратына сілтеме жасап хабарлады.

 Израиль шенеунігі ХАМАС жетекшісінің хабарламаларды нақты қашан жібергені белгісіз екенін айтты. Бірақ олар Газадағы тұтқындарға қатысты екен.

- Оның хабарламаларында Газа секторында кепілге алынғандарды босату жөніндегі келіссөздердегі ұстанымының жұмсарғаны байқалмайды, - деді шенеунік.

Айта кетсек, Яхья Синвар 31 шілдеде Иранның жаңа президентінің инаугурациясына бара жатып, Тегерандағы қонақ үйдегі жарылыстан қаза тапқан Исмаил Ханияның ХАМАС-тағы мұрагері болды.

Фото: euronews.com

Байланысты жаналықтар

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

11.05.2025

АҚШ хуситтерге шабуылды тоқтататын болды

07.05.2025

Йемендік хуситтер бірнеше аймағына АҚШ-тың соққы жасағанын хабарлады

06.05.2025

Израиль Сириядағы әскери нысандарға шабуыл жасады

03.05.2025

Тоқаев Израиль Кнессетінің төрағасын қабылдады

08.04.2025

Газада 17 мыңнан аса бала қаза тапқан

06.04.2025
MalimBlocks
Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

АҚШ хуситтерге шабуылды тоқтататын болды

Бұл туралы Трамп Канада премьер-министрімен кездесуінде айтты

Йемендік хуситтер бірнеше аймағына АҚШ-тың соққы жасағанын хабарлады

Әуе соққысынан 16 адам зардап шекті

Израиль Сириядағы әскери нысандарға шабуыл жасады

Тоқаев Израиль Кнессетінің төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Кнессетінің төрағасы Амир Охананы қабылдады

Газада 17 мыңнан аса бала қаза тапқан

Палестина Білім министрлігі 2023 жылғы 7 қазаннан бастап Израильдің әскери әрекеттері салдарынан Газа секторында 17 мыңнан аса баланың қаза тапқанын мәлімдеді