Ыстамбұлдағы жер сілкінісі: 150-ден астам адам жарақат алды

Арман Қайыпхан

  • 23.04.2025

2025 жылғы 23 сәуірде Түркияның Ыстамбұл қаласында 6,2 магнитудалы күшті жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, 151 адам жарақат алған, алайда қаза тапқандар жоқ. Бұл туралы қала басшылығы мәлімдеді.

«Қауіптеніп, биіктіктен секірген 151 азаматқа медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Олардың өміріне қауіп жоқ. Қайтыс болғандар жоқ. Жалпы алғанда, тұрғын үйлерге айтарлықтай зақым келген жоқ. Тек Фатих ауданында бір ескі ғимарат құлаған. Бұл оқиғада ешкім зардап шеккен жоқ», – делінген Habertürk телеарнасы таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, губернатордың айтуынша, жер сілкінісінен кейін электрмен жабдықтау, газ инфрақұрылымы, сумен қамту мен кәріз жүйесіне қатысты ешқандай қауіпсіздікке әсер ететін жағдай тіркелмеген.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұл тұрғындарына қолдау білдіріп, жағдайды жіті бақылап отырғанын және тиісті министрліктер мен ведомстволардан толық ақпарат алғанын жеткізді.

Жер сілкінісі 23 сәуір күні сағат 12:49-да Ыстамбұл маңында тіркелген. Алғашқы сілкіністерден кейін бір сағат ішінде кем дегенде жеті афтершок болғанын мамандар растады.

Фото: Pixabay.com 

Байланысты жаналықтар

Көкшетауда ер адам әйелін пышақтаған

19.05.2025

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

19.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

14.05.2025

Түркияда бір түнде үш рет жер сілкінді

13.05.2025
MalimBlocks
Көкшетауда ер адам әйелін пышақтаған

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

Түркияда бір түнде үш рет жер сілкінді