freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әлихан Смайылов кәмелетке толғандардың Ұлттық қордағы пайдаланылмаған қаражатын инвстициялауды ұсынды

Экономика
Әлихан Смайылов кәмелетке толғандардың Ұлттық қордағы пайдаланылмаған қаражатын инвстициялауды ұсынды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ұлттық қордың пайдаланылмаған қаражатын кері қайтару тетігіне ерекше назар аудару қажет. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

— Ұлттық қорды басқару жүйесінде қаражаттың түпкілікті алушыға дейін цифрлық қадағалануын қамтамасыз ету маңызды. Жоспарлаудан бастап нәтижелерді мониторингтеуге дейін барлық процессті автоматтандыру қажет. Бұл ретте мониторинг қаражатты кассалық игеруге емес, сапалық параметрлерге негізделуге тиіс. Мысалы: тозуды азайту, қуаттылықты кеңейту, халықты жұмыспен қамту, қызмет көрсету сапасын арттыру және тағы басқалар. Ұлттық қордың пайдаланылмаған қаражатын қордың өзіне қайтару тетігі ерекше назар аударуды талап етеді. Қолданыстағы процедура оларды қайтармауға мүмкіндік береді. Ал бұл ретте қайтарылмаған қаражат көлемі қомақты болып отыр, — деді Әлихан Смайылов.

Осы орайда ол Мемлекет басшысының стратегиялық шешімінің арқасында өскелең ұрпақтың ұлттық ресурстарды бөлуге қатысуының «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы қабылданғанын атап өтті.

— Кәмелетке толған азаматтардың шоттарында пайдаланылмаған қаражатты инфляциялық процестерден қорғау үшін, инвестициялау керек деп есептейміз. Мұндай тәжірибе қазірдің өзінде зейнетақы активтері бойынша қолданылады, — деді ЖАП төрағасы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу