Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы әуежайында авиакомпания қызметкері телефон ұрлаумен айналысқан

Қоғам
Алматы әуежайында авиакомпания қызметкері телефон ұрлаумен айналысқан
Фото: видеодан кадр

Алматы әуежайында жүк бөлімінде істейтін авиакомпания қызметкері бірнеше ай бойы смартфондарды ұрлап келген, деп хабарлайды Malim.kz.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, 27 жастағы қызметкер 2025 жылдың мамырынан шілдесіне дейін жолаушыларға тиесілі 33 смартфонды ұрлап, жалпы шығын 7,6 миллион теңгені құраған.

«Тергеу барысында келтірілген залал толық көлемде өтелді. Түрксіб аудандық соты айыпталушыны кінәлі деп танып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – деп хабарлады ведомство.

Бұған қоса, ер адамның бұған дейін де сотталғаны нақтыланды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу