freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы мен Алматы облысында электр энергиясы толық қалпына келтірілді

Қоғам
Алматы мен Алматы облысында электр энергиясы толық қалпына келтірілді
Фото: pixabay

14 тамызда сағат 14:38-де «KEGOC» АҚ-қа тиесілі электр беру желілерінде ажырату орын алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Соның салдарынан «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ желілеріндегі апатқа қарсы автоматика іске қосылып, Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы уақытша шектелді.

Энергия жүйесінің жұмысы тұрақтандырылып, электрмен жабдықтау қалпына келтірілгеннен кейін арнайы жүктемені ажырату автоматикасы (САОН) режимі тоқтатылды.

Сағат 19:00-де Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тұтынушыларға енгізілген электр энергиясын беру шектеулері толық алынды.

Қазіргі уақытта «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-тың жедел көшпелі бригадалары қосалқы станцияларды аралап, электр желілеріндегі жүктемені тексеріп жатыр. Мамандар жабдықтардың жай-күйі мен электрмен жабдықтау параметрлерін бақылауда ұстап, желінің тұрақты әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету шараларын жүргізуде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу