Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында 90 мың гектар мемлекетке қайтарылды

Қоғам
Алматы облысында 90 мың гектар мемлекетке қайтарылды

Алматы облысы жер қатынастары басқармасының мәліметінше, 2024 жылы жалпы көлемі 89,7 мың гектарды құрайтын 357 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған. 

Биыл да пайдаланылмай жатқан немесе заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару жұмыстары жалғасады. 2025 жылы мұндай мақсаттағы қосымша 90 мың гектар жерді қайтару жоспарланған.

"Осы жылдың басынан бастап қайтарылған жерлердің 559,0 гектарына типтік жалдау шарттарын жою туралы сот шешімдері шығарылды. Қалған 8 576,0 га жер учаскелерін иелері өз еркімен немесе басқа заңды процедуралар арқылы қайтарды", – деп хабарлады басқарма өкілдері.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу