freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында пәтер өрті: құтқарушылар 5 газ баллонын алып шықты

Қоғам
Алматы облысында пәтер өрті: құтқарушылар 5 газ баллонын алып шықты
Фото: ТЖМ

Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Қайнар ауылында төрт қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан екі бөлмелі пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға туралы хабарлама облыстық «112» жедел пультіне келіп түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар өртті сөндіру барысында 5 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Оның төртеуі 50 литрлік, біреуі 27 литрлік болған. Осылайша жарылыс қаупінің алдын алып, өрттің көршілес пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу