Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында ұлтаралық араздық қоздырған әйел сотталды

Қоғам
Алматы облысында ұлтаралық араздық қоздырған әйел сотталды

Алматы облысы Ұйғыр ауданының аудандық сотында ұлттық араздықты қоздыру дерегі бойынша іс қаралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Іс Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша қаралған. Оқиға 2023 жылдың 6 қарашасында болған.

Сағат 19:00 шамасында азаматша М. азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға бағытталған ұлттық алауыздықты қоздыру мақсатында бір ұлт пен діннің екіншісінен айрықша және артықшылығын білдіретін аудиожазбаны WhatsApp мессенджеріндегі көршілерінің әртүрлі ұлт азаматтары бар чатына жіберген. Аталған аудиожазба қоғамдық тәртіпті бұзып, Ұйғыр ауданының тұрғындары арасында наразылық тудырған, - делінген Алматы облысы сотының хабарламасында.

Сотталушы кінәсін мойындады. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен дәлелденіп, расталған.

Сот шешімімен азаматша кінәлі деп танылып, оған Қылмыстық кодекстің 44-бабының 2-бөлімінде көзделген міндеттерді орындай отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. ️

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу