freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы перзентханасындағы ана мен бала өлімі: Марқұмның жақындары дәрігерлерді айыптады

Денсаулық
Алматы перзентханасындағы ана мен бала өлімі: Марқұмның жақындары дәрігерлерді айыптады
spbplod.ru

Алматы қалалық перинаталдық орталығында 32 жастағы Анна Ефименко мен оның іштегі шақалағы қайтыс болды, марқұмның жақындары ақ халаттылардың үстінен тексеріс жүргізуді талап етіп отыр, деп хабарлайды Malim.kz "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Жары мен ұлынан бір мезетте айырылған Алексей Ефименко дәрігерлердің ауызша берген түсініктемесі мен ресми құжаттағы қорытындының өзара сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Мамыр айының басында жүктіліктің 32-ші аптасында жағдайы күрт нашарлаған келіншек алдымен №4 перзентханаға, кейін қалалық перинаталдық орталыққа ауыстырылған. Көп ұзамай дәрігерлер туыстарына алдымен нәрестенің, кейін ананың көз жұмғанын хабарлаған. Марқұмның әпкесі Алена Градовичтің айтуынша, құжатта бала өліміне гипоксия себеп деп жазылса, дәрігерлер ауызша асфиксия деп түсіндірген. Сондай-ақ мәйітханада анықталғандай, ота кезінде тігіс зақымданып, соның салдарынан қан кеткендіктен Аннаның жатырын алып тастаған.

"Ұлым Савелийді жер қойнына тапсырғаннан кейін дәрігерлер жұбайымның қан кетуі күшейіп кеткенін айтып, шұғыл ота жасалып жатқанын жеткізді. Кейін ауруханаға барғанда жұбайымның да көз жұмғанын хабарлады", – деп еске алады марқұмның жары Алексей Ефименко.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға қатысты нақты диагнозды "дәрігерлік құпия" деп атап, жариялаудан бас тартты. Дегенмен ресми орган мамандардың науқастарды аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанын алға тартты.

"Жедел түрде дәрігерлік консилиум өткізіліп, шұғыл емдеу-диагностикалық шаралары жүзеге асырылды. Өкінішке қарай, жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, пациент пен баланы аман алып қалу мүмкін болмады", – деп мәлімдеді басқарма басшысының орынбасары Ләйлә Иманғалиева.

Қазіргі уақытта қос өлімге қатысты тағайындалған сараптама жұмыстарының жүріп жатқанына бір айға жуықтады. Оқиға бойынша қылмыстық істің қозғалу-қозғалмауы осы сарапшылардың қорытындысынан кейін белгілі болады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу