Алматы қаласының Медеу ауданындағы таулы аймақта түнде іздестіру-құтқару операциясы жүргізілді. Құтқарушылар «Қара сарқырама» маңында адасып қалған үш туристі аман-есен тауып, төменге түсірді, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға түнгі уақытта теңіз деңгейінен шамамен 2 650 метр биіктікте болған. Қараңғылық түскеннен кейін туристер бағытынан жаңылып, өз бетінше төмен түсе алмай қалған.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар туристерді тауып, оларды қауіпсіз жерге жеткізді.
Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болмаған.
Мамандар тауға шығар алдында бағытты алдын ала жоспарлап, ауа райы болжамын ескеруге, сондай-ақ қараңғы түспей кері қайтуға кеңес береді.