Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда әуе компаниясының қызметкері 7 млн теңгенің телефондарын ұрлаған

Құқық
Алматыда әуе компаниясының қызметкері 7 млн теңгенің телефондарын ұрлаған
видеодан скриншот

Алматы әуежайында телефон ұрлағаны үшін әуе компаниясының жүк бөлімінің қызметкері сотталды. Бұл туралы Malim.kz  Stan.kz сайтына сілтеме жасап  хабарлайды. 

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, жүк бөлімінде жұмыс істеген 27 жастағы ер адам 2025 жылдың мамырынан шілдесіне дейін жалпы құны 7,6 миллион теңгені құрайтын 33 смартфонды ұрлап үлгерген.

“Сотқа дейінгі тергеу барысында залал толығымен өтелді. Түрксіб аудандық сотының қаулысымен айыпталушы кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды”, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ қызметкердің бұған дейін де сотты болғаны анықталды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу