freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда матч кезінде төбелес: Полиция тексеріс жүргізуде

Қоғам
Алматыда матч кезінде төбелес: Полиция тексеріс жүргізуде
Фото: видеодан скрин

Алматы қаласында өткен футбол матчы барысында жекелеген қатысушылар арасында қысқа мерзімді жанжал орын алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиғаға қатысты хабарлама түскеннен кейін Алматы қалалық полиция департаменті тексеріс жүргізіп жатыр.

Полицияның мәліметінше, қақтығыс жаппай сипат алмаған және дер кезінде тоқтатылған.

«Матч барысында жекелеген қатысушылар арасында қысқа уақытқа созылған жанжал болды. Оқиға жедел түрде ауыздықталды. Барлық қатысушылар анықталды, олардың әрекеттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, аталған оқиға шетелдік студенттер арасында өткен ойын кезінде болғаны және халықаралық турнир мәртебесіне ие болмағаны нақтыланды.

Әлеуметтік желілерде оқиғаға қатысты бейнежазба тарап, онда жанжалдың жаппай төбелес ретінде көрсетілгені айтылған. Алайда ресми мәлімет бойынша, жағдай жергілікті сипатта болып, тез арада тоқтатылған.

Қазіргі уақытта тексеріс жалғасуда, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу