freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда мектепке балтамен барған оқушыға қылмыстық іс қозғалды

Құқық
Алматыда мектепке балтамен барған оқушыға қылмыстық іс қозғалды
Sputnik

Алматыда мектеп оқушысының оқу орнына балта алып келуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz ҚазТАГ агенттігіне сілтеп. 

«Аталған дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Кәмелетке толмаған баланың әлеуметтік желілер арқылы алған нұсқауларының ықпалымен құқыққа қайшы әрекеттер жасауды жоспарлағаны анықталды. Полиция қызметкерлерінің дер кезінде қолданған шараларының арқасында заңсыз әрекеттің жолы кесіліп, оған жол берілмеді», - деп хабарлады сенбі күні Алматы қалалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі.

Полицейлердің айтуынша, тергеу аясында оқиғаның мән-жайы, соның ішінде жасөспірімді құқыққа қайшы әрекетке тартуға қатысы болуы мүмкін тұлғалар анықталуда.

«Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдеріне қатысты тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп толықтырды ПД өкілдері. Сонымен қатар, олар ата-аналардың балаларының интернеттегі мінез-құлқын бақылауда ұстауының маңыздылығын және кез келген қауіпті сигналдарға дер кезінде назар аудару қажеттігін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу