Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда нан сатып алуға шактеу қойылды

Сұқбат
Алматыда нан сатып алуға шактеу қойылды

Өндіруші бағасымен сатылатын фирмалық дүкендерде нан сатып алуға шектеу қойылды. Жаңа ереже бойынша, бір адам бес бөлке нан сатып ала алады.

Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы таратқан мәлімдемеде нан сатып алуға шектеу алыпсатарлықпен күрес негізінде жасалған.

«Кейбір алыпсатарлар қымбат бағаға сату үшін, таңертеңгі өнімді толықтай сатып алған. «Ақсай» ЖШС формалық (әлеуметтік) нандарын өндіру бұрынғы қалтыпда қалды. Тиісінше, қала дүкендеріне жеткізілетін өнім мөлшері де азайған жоқ», - делінген басқарма таратқан мәлімдемеде.

2020 жылдың қараша айында ұн өндірушілер мен ірі наубайханалар мемарандумға отырған. Онда өндірушілер наубайханаларға ұнның бір келісін 115 теңгеден тасымалдауға уәде берген. Өз кезегінде наубайхана иелері нан бағасын 75 теңгеде ұстап тұруға міндеттелген. Бірақ ол келісім 2020 жылдың қаңтарына дейін бекітілген.

«Ақсай» ЖШС Алматы қаласының 60 пайызын нанмен қамтамасыз етеді. Қалған 40 пайызы ірілі-ұсақты наубайханаларға тиесілі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу