Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда Назарбаевтың суретін өшіріп тастады

Саясат
Алматыда Назарбаевтың суретін өшіріп тастады

Алматыда белгісіз біреулер Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ бейнеленген муралды өшіріп тастапты. Бұл туралы malim.kz  tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның тұңғыш президентінің бейнесі ақ бояумен боялып тасталған. Суреттің орнында қазір "I'll be back..." (Мен ораламын) деген жазу тұр.

Еске салайық, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ бейнесі биыл 4 мамырда Бостандық ауданында пайда болған. Мурал Жароков пен Мыңбаев көшелерінің қиылысында орналасқан гараждардың бірінің сыртына салынған. Мурал авторы әлі белгісіз.

Сол кезде Алматы қаласының мәдениет басқармасы ведомствоның бұл суретке ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлаған болатын.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу