Алматыда қымбат көлік мініп, кортеж ұйымдастырған 21 оқушының ата-анасы жазаланды, деп хабарлайды Malim.kz.
Azattyq Rýhy-ның жазуынша, әлеуметтік желіде балалардың қымбат көлікке мініп алып, тауға қарай бет алған видеосы тараған. Алматы қаласының полиция департаменті түлектердің ата-анасы жазаланғанын, ал, көліктер айып тұрағына қойылғанын бейнежазбаға түсіріп, желіге салған.
Видео соңында ұл оқушылар кешірім сұрап, енді бұндай заң бұзуға бармайтындарын айтқан. Оқырмандар болса, балалардың бәрі дерлік қолын қалтаға салып тұрғанын байқап, бұндай кортеждерге қатаң жаза қолдануды ұсынған.
Алматы қаласының полиция соңғы қоңырау кезінде ата-аналарға ескерту жасап, балаларының заң бұзбауын қадағалауды өтінді.