Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда вакцинация паспортын сатқан қызметкерлер ұсталды

Сұқбат
Алматыда вакцинация паспортын сатқан қызметкерлер ұсталды

Алматыда ПТР нәтижесі мен вакцинация паспорттарын қолдан жасаған үш мекеменің қызметкерлері әшкере болды, - деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Қалалық криминалдық полиция басқармасының мәліметі бойынша, екі жеке медициналық орталық - "Достар Мед" және "Сұңқар" қызметкерлері жалған құжат жасағаны үшін ұсталды. Сондай-ақ, №4 поликлиникада медициналық қызметкерлердің вакцинация паспортын сатқаны және вакциналарды заңсыз жойғаны анықталды. Бірінші жағдайда клиника жанындағы зертхана қызметкері орталықтың екі медбикесі көмегімен ақшалай сыйақы үшін биоматериалды алмай ПТР-сынама тапсыруды ұйымдастырған.

Біраз уақыттан кейін "Сұңқар" медициналық орталығының дәрігер-эндоксисті ұсталды. Ол бұрын алаяқтық үшін жауапқа тартылған. Жеке тінту кезінде ПТР-сынама нәтижелері, сондай-ақ ақша процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Сонымен қатар, №4 қалалық емхананың аға мейірбикесі ұсталды, ол 15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы үшін вакцина алғандарды белгілеу журналына жалған тіркеу жасағанын мойындады. Бұл деректер ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жалғасып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу